Жалпы мектепшілік ата -аналар жиналысының хаттамасы » Ескелді ауданы
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Балпық би атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72836)5-04-03
Бухгалтерия
+7(72836)5-04-03
Версия для
слабовидящих
» » » Жалпы мектепшілік ата -аналар жиналысының хаттамасы
07
октябрь
2022

Жалпы мектепшілік ата -аналар жиналысының хаттамасы

2022-2023 оқу жылы

Жалпы мектепішілік ата-анлар жиналысы

ХАТТАМА №2 

Өткен күні 7 қазан, сағат 17.00

Қатысқандар: 

Мектеп директоры   Қ. Абдрашев

Тәрбие жөніндегі орынбасары Г. Жакаева

Мектеп психологтары А. Аубакирова, Ж. Касенова

Әлеуметтік педагог Д. Жанакулова

Медбике А. Аргимбаева

Сынып жетекшілер

1-11 сыныптың ата-аналары


Күн тәртібінде:

1.Ата-ананың бала өміріндегі орыны және жауапкершілігі.

Мектеп психологі А.Аубакирова 

2.Балалар қауіпсіздігінің алдын-алу 

Мектеп инспекторы М. Каримжан 

3.Заманауи дерттері, синтетикалық есірткі.

Мектеп медбикесі. А.Аргимбаева

4. Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары  Г.Жакаева

ТЫҢДАЛДЫ:

Бірінші мәселе бойынша мектеп психологтары  А.Аубакирова қазақ тілінде және Ж.Касенова орыс тілінде  «Ата-ананың бала өміріндегі орыны және жауапкершілігі» тақырыбында баяндама оқып, презентациямен әлеуметтік бейнеролик көрсетті.  Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында ата-аналарға  «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың баланың психо-эмоционалды дамуына әсері» тақырыбында кеңес беру жұмысын жүргізді. Суицидтік жағдайдың алдын-алу мақсатында «Жасөспірімдердегі суицид, Балалардың өмірін қорғайық» тақырыбында презентация көрсетіп, алдын-алу жұмыстарымен жандандырды. Сонымен бірге, мектеп психологтары «Есірткісіз өмір-балалар болашағы», «Ғаламтор және кибербуллинг», «Буллинг дегеніміз не?», «Наркотические вещества»,  «Профилактика буллинга у обучающихся» тақырыптарында бала өміріне жауапты ата-аналармен алдын-алу және кеңес беру жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологтары оқушылардың психо-эмоционалды жағдайын үйде де бақылап отыруға кеңес берді. Бала өміріне кері әсері бар жағымсыз деструктивті сайттармен таныстырды. Жиналыс соңында ата-аналарға арналған жаднамалар таратылды. Барлық материалдар қазақ және орыс тілінде жүргізілді. 

Шешім: Ата-ананың бала өміріндегі жауапкершілігі жөнінде ата-аналарға қажетті кеңестер берілсін. Мектеп психологтары деструктивті сайтқа тіркелген оқушыларға онлайн мониторинг жүргізсін. Оқушылардың психо-эмоционалды жай күйі бақылау күнделігіне күнделікті толтырылсын. 

Екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Мурат Каримжан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ата-анасының бақылауынсыз жүрген балаларды анықтау бойынша түнгі рейд тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Кешкі уақытта құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында  мектептің ұстаздарымен бірге рейд ұйымдастырылады.  Сонымен қатар, мектепте кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшелерде жүргенде және бөтен адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін қалай ұстау керектігі туралы оқушылармен кездесулер өткізіліп тұрады. Осы бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қатаң бақылауға алынған. Сондай-ақ, бұл бағытта жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр. 

Шешім: Балалардың қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында түнгі уақытта рейд жұмыстары тұрақты жүргізілсін. Мектеп инспекторымен кездесулер өткізілсін. 

Үшінші сұрақ бойынша мектеп медбикесі А.Аргимбаева кәдімгі шегетін немесе егетін «дәстүрлі» есірткімен салыстырғанда «синтетиканың» тартқызар зардабы ауыр. «Не исі, не дәмі бі­ліне бермейтін синтетикалық заттар ақылдан айырып, ағзаны тіпті ірітіп жібереді», дейді онколог дәрігерлер. Соңғы 2-3 жылда «Альфа-ПВП», «мефедрон», «фен», «спид», «крис­тал» дейтін түйіршіктер мен ұнтақтар күрт көбейіп, олардан төнген қауіп пен кесел де азаймай отырғанын ескертті. Бүгінде бақылаудағы психикалық белсенді заттардың тізіміне 89 синтетикалық есірткі түрі енгізілгенін атап өтті. Нарколог дәрігерлер бұл заттардың әрқайсысы «адам ағзасы мен психикасына ешқашан өшпейтіндей із қалдырады», дейді. Мәселен, синтетикалық есірткілер адамға марихуана мен анашамен салыстырғанда 10-15 есе қатты әсер етеді екен. Дәрігерлер тіпті «синтетиканы» тұрақты қолданушыларда галлюцинация болып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталып жатады деген алаңдаушылығын да білдіріп отыр. 

Шешім: Оқушылар арасында зиянды әдеттер туралы түсіндірме жұмыстары, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, презентациялар жүргізілсін.

Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі төртінші сұрақ бойынша тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Жакаева, бала тәрбиесінің негізі - оның отбасы екенін ескере отырып, отбасындағы ата - ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі екенін айтып кетті.  Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата - ананың сіңірген еңбегіне, тәлім - тәрбиесіне байланысты. Әрбір ата - ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан - жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда.
 Тәрбие дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, соған сай мінез - құлық қалыптастыру. Жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру ата - ана мен мұғалімнің басты міндеті. Әрбір ата - ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып ат салысады. Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ұлағатты сөз соның айғағы. Саналы тәрбие, сапалы білім баланың ертеңіне даңғыл жол ашады. Адам өмірінің алтын бесігі - мектеп қабырғасында өткен жылдар. Бұнда бала жаңа өмірдің заңдылықтарын үйренеді. Мектеп ұжымына ата - ананы көмегі ауадай қажет. Мектеп пен ата - ана арасындағы сыпайы сыйластық үндесіп жатса, бала тәрбиесі жақсы болары сөзсіз деп сөзін аяқтады. 

Шешім: Мектеп және ата-ана арасындағы ынтымақтастық жұмысы жандандырылсын. Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас күшейтілсін. Отбасындағы баламен ата-ананың ықпалын арттыру, бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін нығайту жөнінде жұмыстар жүргізілсін.
 
 

 

https://www.instagram.com/p/CjaXUX-NoJX/?igshid=MDJmNzVkMjY=



Ата-ана комитетінің төрайымы:                 А. Оспанова


Хатшы:                                                      Р. Байтурганова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив