"Болашағың өз қолыңды"
10А- сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Д. Кизатаева "Болашағың өз қолыңды" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру. Сынып сағатына, мектеп медбикесі А. Аргинбаева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Балия Жәнібек шақырылып, кездесу сағаты өткізілді. Кездесу барысында, "Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, сапалы білім игерсе - болашақ өмір, бақытты болады",- деген ой қорытылды.