Мектеп президентін сайлау
Биылғы 2022-2023 оқу жылына өзін-өзі басқару мектеп Парламенті Президенттігіне 6 үміткер өз өтініштерін білдіріп, нақты бағдарламаларын ұсынды. Олар: 8-«А» сынып оқушысы Тұрарбек А, 9-«Б» сынып оқушысы Орлик Татьяна, 9 «А» сынып оқушысы Камалдинова Аяна , 9 «А» сынып оқушысы Амангельдин Алинұр, 9 «А» сынып оқушысы Зарлықан Әдемі ,10 «Б» сынып оқушысы Кириченко Карина 22 қыркүйек күні өткен сайлауға 5-11 сынып оқушылары және мектеп ұстаздары белсене қатысты.
Сайлау қорытындысы бойынша 9-«А» сынып оқушысы Зарлықан Әдемі мектеп Парламенті Президенті болып сайланды.
Жеңіске жеткен Әдеміні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакаева Гулшат Жақсылықбаевна құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар үлкен үміт артып отырғандығын, жаңа бастамалар күтетіндігін айтып, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды деген сенім білдірді.
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" ММ "Балпық би атындағы орта мектебі" КММ де Мектеп парламенті
Мектеп президенті сайлау