«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс
29.03.2022 жылы Балпық би атындағы орта мектебінде «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс сабағы 5-6 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Мақсаты: мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға баулу,ой жүйріктігін дамыту.Кітапханашы: Абылгазина Қарақат