"Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр" күні өтті. » Ескелді ауданы
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Балпық би атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836)5-04-03
Есепші бөлімі:
+7(72836)5-04-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр" күні өтті.
15
март
2024

"Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр" күні өтті.

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балпық би атындағы орта мектебі» КММ де 16 наурыз "Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр" күні өтті. Тұсау кесу рәсімі.Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.
Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Тіпті, бұл күнге орай кішігім думанды той жасалады.
 https://www.instagram.com/reel/C4iLq1GicY8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр" күні өтті. Бесікке бөлеу рәсімі.Қазақ ұлтына тән салт-дәстүрлердің ішінде көнеден келе жатқан жоралғылардың бірі — бесікке салу.

Бесікке салу немесе бесік той дүниеге сәби келіп, туған-туыстың жиналып, нәрестені бесікке салу дәстүрі. Бесікті әдетте қыздың анасы апарады. Бұл дәстүр "Бесік апару" деп аталады.

Қызының барған жеріне бесіктің жасауын жасап, оған қоса отбасының мүшелеріне жағалы киім, киіт, тәттілер, әшекей-бұйымдарды сән-салтанатымен апаратын дәстүр үлкен тойға ұласады.

Әдетте бесік тойға әйелдер қауымы жиналады. Ауылдың үлкен-кішісі дастархан басына жиналып, әңгіме айтып, шүйіркелесіп, бір-бірімен танысады. Сонан кейін "бесікке салу" басталады.
Немересін әкелген әжесі бесікке салуды сол ауылдың жасы үлкен, парасатты, өсіп-өнген, ел-жұртқа сыйлы адамға ұсынады. https://www.instagram.com/reel/C4iK2PLC5DL/
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив