Мектеп кітапханаcы » Страница 4 » Ескелді ауданы
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Балпық би атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836)5-04-03
Есепші бөлімі:
+7(72836)5-04-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс
31
март
2022
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс
29.03.2022 жылы Балпық би атындағы орта мектебінде «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс сабағы 5-6 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Мақсаты: мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға баулу,ой жүйріктігін дамыту.Кітапханашы: Абылгазина Қарақат
«Нұр Наурыз – халық тойы» атты кітап көрмесі
28
март
2022
«Нұр Наурыз – халық тойы» атты кітап көрмесі
18 наурызда кітапханамызда «Нұр Наурыз – халық тойы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрермендер көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылым беттерінен 5000 жылдық тарихтан бастау алатын Наурыз мейрамының тарихи деректерімен, ерекшеліктерімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысты. Сондай-ақ, оқырмандар әртүрлі түркі халықтары арасында Наурыз мерекесін тойлаудағы қызықты деректермен, Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық тағамдарымен, Наурыз мейрамын тойлау күндерінде
«Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
15
март
2022
«Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында » және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау Отанды ,елін сүю,еліне ,халқына қызмет етуге тәрбиелеу, Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру, дағдыландыру мақсатында кітапханамызда еске алу кеші ұйымдастырылды. Кітапханашы: Абылгазина
«Ы.Алтын­сарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрме
15
март
2022
«Ы.Алтын­сарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрме
Халқымыздың оқу-ағарту тарихының ұшар басында Ыбырай Алтынсарин тұр. Осы орайда, Балпық би атындағы орта мектебінің төрінде «Ы.Алтын­сарин – ұлы педагог, ағартушы» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеге 5 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Кітапханашы: Абылгазина Қарақат
«Оқуға құштар мектеп»
15
март
2022
«Оқуға құштар мектеп»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы алдағы уақытта кітап оқуға құмар ұлт деген мәртебелі атымызды қайтаруға септігін тигізетін маңызды бастама болып тұр. Мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен мектебімізде үзіліс кезінде уақытын тиімді пайдалану мақсатында ертегі әлеміне саяхат, сурет салу, әдеби кітаптарды оқу, қуыршақ театрына саяхат жасалды. Кітапханашы: Абылгазина Қарақат
"Оқуға құштар мектеп"
10
февраль
2022
"Оқуға құштар мектеп"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері мектеп кітапханаларында оқырмандар саны көбейді. Мектептерде балалардың кітап оқуы үшін қолайлы жағдайлар жасалып өз оң нәтижесін беріп жатыр. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін кітапханамызда әр түрлі іс-шара ұйымдастырылуда. Кітапханашы: Абылгазина Қ
《Ата бабам -Аңсаған》атты кітап көрмесі
16
декабрь
2021
《Ата бабам -Аңсаған》атты кітап көрмесі
Балпық би атындагы орта мектебінде 16 желтоқсан күніне арналган《Ата бабам -Аңсаған》атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,көк байрағы желбіреген,бүгінгідей абыройлы беделді де берекелі ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!!! Кітапханашы: Абылгазина Қ