Мұғалімдердің эмоционалды күйіну синдромының алдын-алу бойынша кеңестер » Ескелді ауданы
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Балпық би атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836)5-04-03
Есепші бөлімі:
+7(72836)5-04-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдердің эмоционалды күйіну синдромының алдын-алу бойынша кеңестер
24
январь
2022

Мұғалімдердің эмоционалды күйіну синдромының алдын-алу бойынша кеңестер

Мұғалімдердің эмоционалды күйіну синдромының алдын-алу бойынша ұсыныстар
Кәсіби-эмоционалды күйіну – ол созылмалы күйзелістен пайда болатын және адаммен жұмыс жасайтын маманның тұлғалық және эмоциялық күш-қуатының сарқылуы.
Кәсіби-эмоционалды күйіну синдромы – адамдармен жұмыс жасайтын педагог, әлеуметтік қызметкер, психолог, дәрігер, менеджер, журналист, іскер және саясаткер  адамдар көп шалдығатын аса қауіпті кәсіби күйреу.
Кәсіби-эмоционалды  күйіну іште жиналған жағымсыз эмоциялар сыртқа уақтылы шықпағанда пайда болады. Ол адамның эмоциялық күш-қуаттық қорларын тоздырады.
Кәсіби-эмоционалды күйінудің алғашқы белгілері:
  • Шаршау
  • Ұйқысыздық
  • Әріптестермен және білім алушылармен қарым-қатынастағы қиындықтар
  • Өз жұмысына деген жағымсыз сезімдер
  • Өзін бағалауының төмендеуі
  • Шектен тыс ашушаңдық
  • Тәбеттің болмауы немесе шектен тыс тамақтану
  • Өзін кінәлі немесе тәуелді сезіну
  • Кәсіби міндеттерді елемеу
«Кеңестер жәшігі»
 
*  Ұйқыңызды қандырып ояныңыз.
 * Жай темппен сөйлеп,жай екпінмен жүріңіз.
 * Таза ауада көбірек болыңыз.
 * Бүгінгі күнге жұмыс тізімін жасақтаңыз.
 * Алдыңызға шынайы мақсаттар қойыңыз.
 * Әр күніңіздің тым болмағанда 1 сағатын өзіңізге арнаңыз.
 * Айнаға қарағанда жымиып қарап,өзіңізге комплимент айтыңыз.
 * Келеңсіз жағдайға тап болғанда жақындарыңызбен бөлісіңіз.
 * Іштей 10-ға дейін санаңыз.
 * Өз мүмкіндігіңізді бағалап,артық уәде беруден сақтаныңыз.
 * Өз көңіл-күйіңіздің көтерілуі мен түскенін бақылай біліңіз.
 * Өзіңізге талапты көп қоя бермей,бүгінгі күнмен өмір сүріңіз.
 * Барлығы жақсы болған күндерді есіңізге түсіріңіз.
 * Барлық адамға жағам деп тырыспаңыз — бұл мүмкін емес.
 * Жалғыз емес екеніңізді естен шығармаңыз.
 * Өмірге құштар болыңыз! Бұл өмірдің келеңсіз сәттерінен гөрі қуанышты кездерін таба білуге көмектеседі.
 * Асығыс шешім қабылдамаңыз.Өзіңізді сабырға шақырып алып,шешім шығарыңыз.
 * Сәтсіздікті қабыл алыңыз.Әр адамның бойында жетістігі мен кемшілігі болады.
 * Күйзелістен  арылудың ең жақсы емі- сүйікті қызмет, жұмыс.
«Сау дененің рухы да сау!» – деп айтылады. Дұрыс үйлестірілген тағам, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту  стрессті болдырмаудың  тағы бір әдісі болып табылады.
Педагог-психолог: Аубакирова Алмагүл
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив