Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру » Ескелді ауданы
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" ММ
"Балпық би атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836)5-04-03
Есепші бөлімі:
+7(72836)5-04-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
11
февраль
2022

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

"Сенім" желілік қауымдастығы "Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді тәсіл - мәтін арқылы сұрақтармен жұмыс" тақырыбында аудындық семинар өткізді. Мектеп психологтары Аубакирова Алмагүл және Касенова Ж.С " Жақсы көңіл-күй жанға қуат" тақырыбында семинарға қатысушылардың қобалжуын басу, алдағы бірлескен іс-әрекеттерге жағымды көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында психологиялық ахуал орнатты.

«Жақсы көңіл-күй жанға қуат»
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер, қонақтар! Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер!
1 жаттығу. Сағат тілі бойынша жақынырақ танысу. 
Мақсаты: қатысушыларды белсенді ойын түрінде бір-бірімен таныстыру, қобалжуды басу және алдағы бірлескен іс-әрекеттерге жағымды көңіл-күйді қалыптастыру.
Нұсқау: психолог сағат суреті бар карточкаларды тарады, қатысушылар сағат бойынша 12 адамның атын жазып танысады. Кейін төмендегі іс-әрекеттерді орындау тапсырылады.
 
Психолог:  
  1. Бір-біріне қол бұлғау
  2. Бір-біріне көз қысу
  3. Бірін-бірі құшақтау
  4. Бір-біріне тілек арнау
  5. Қол алысып амандасу
  6. Бір-біріне қарап жымию
  7. Бір-біріне қуанып қарау
  8. Бір-біріне мини массаж жасау
  9. Бір-біріне комплимент айту
  10. Бір-біріне «керемет» деп бас бармағын көрсету
  11. Басын иіп сәлем беру
  12. Есімін дауыстап   «Сәлем» деп айту.
2 жаттығу. «Орын ауыстыру»  
Мақсаты: қатысушылардың зейінін шоғырландыру,  белсенділікті арттыру, топтасыру.
Нұсқау: Қатысушылар шеңберге отырады. Жүргізуші ортақ сипаттамалары бар қатысушыларды айтады, сипаттамалары сәйкес қатысушылар орын ауыстырулары қажет. Қатысушылар орындарын ауыстырған кезде жүргізуші кез келген бос орынға отырады. Орынсыз қалған қатысушы жүргізуші болады.
Мысалы: кімнің көйлегі қара
Кімнің 2 баласы бар
Кім қызыл түсті ұнатады
Кімнің шашы ұзын т.б
Жаттығу 3-5 қатысушыдан кейін аяқталады. 
Тренингке қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Алдағы жұмыстарға сәттілік тілейміз. Сау болыңыздар! 
Педагог-психолог:                      Аубакирова А
Педагог-психолог:                       Касенова Ж.С


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив