Қамқоршылық кеңесі » Ескелді ауданы
Алматы облысы
Ескелді ауданы білім бөлімінің
"Балбық би атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2018

Қамқоршылық кеңесі

«Ескелді ауданы әкімдігінің Балпық би атындағы орта мектебі» КММ

2017-2018 оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің жасаған жұмыстары бойынша есебі

 

2017 жылдың қыркүйек айындағы педагогикалық кеңесінде Қамқоршылық кеңесі бекітілді және Қамқоршылық кеңесі жұмысына қатысқысы келетіндердің тізімі ұсынылды, жұмыс жоспары бекітілді.

Қамқоршылық кеңесі - стратегиялық мақсаты мен міндеттерін айқындайтын, сенім, ашықтық, серіктілік қағидалармен жұмыс істейтін мектепті басқарудың қоғамдық органы.

Кеңес туралы Ереже қамқоршылық кеңес қызметінің типтік ережесіне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде жұмыс жасайды.

Мектептегі Қамқоршылық кеңестің мақсаты: мектептегі оқу-тәрбие жұмысын дамытудың көкейтесті мәселелерін шешу.

Міндеттері:

1.Мектептің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету.

2.Білім үрдісін жетілдіруге, білім сапасын арттыруға, оқу-материалдық және техникалық базасын жақсартуға қатысу.

3.Мектептің қаржы, материалдық және қолдаудың басқа түрлерін жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіру, қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстарды тарту.

4.Білім үрдісіне қатысушылар құқығының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Атқаратын қызметі:

-Мектеп миссиясын анықтауға, даму стратегиясын жасауға қатысады, қызметін бағалауды жүзеге асырады.

-Қамқоршылық кеңес қаражатты жұмсау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді.

-Жетім, қамқорсыз қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетеді.

-Мұғалімдердің шығармашылығын дамытуға, оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі.

Қамқоршылық кеңесі 9 мүшеден құралған. Кеңестің төрайымы жеке шаруа қожалығының төрағасы Досанов Қосан Сыдықұлы. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы уақыт ішінде мектеппен тығыз байланыста болып, біршама жұмыстар атқарды.

Әрине, қазіргі таңда біраз жұмыстар қаржы тапшылығына байланысты кейінге қалдырылып отыр. Сонымен бірге, мектептегі өткізілген іс-шаралардың барлығына да қолдан келгенше көмек беруге тырысты. 2017-2018 оқу жылында «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы барысында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 15 оқушыға көмек көрсетілді. Акция барысында бюджеттен тыс 86 000 теңге жиналды. 

«Мектепке жол» акциясына Көкжазық ауылынан жеке кәсіпкерлер, ауылдың бас көтерер азаматтары, және мектеп ұжымы демеушілік көрсетті. Атап айтсақ ауыл азаматтары:

Ауылдық мешітінің имамы- Елдос- 30000 тг,

Жеке кәсіпкер Байтурганов Қайрат -50000тг;

Алимбаева Жумагуль-6000т

Жиналған қаражат жағдайы төмен отбасы оқушыға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

Мектепте өткізіліп жатқан іс-шараларға да белсенді ата-аналарымызды тартып, мектеппен бірге ұйымдастыру жұмыстарына қатысамыз деген ойдамыз.

 


 

 


 Мектеп директоры:                        Қ. Абдрашев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ескелді ауданы әкімдігінің Балпық би атындағы орта мектебі» КММ

Ата-аналар кеңесінің жасаған жұмыстары бойынша есебі

2018 жылдың қыркүйек айындағы педагогикалық кеңесінде ата-аналар комитетінің мүшелері тізіміжәне жұмыс жоспары бекітілді.

0қу жылының басында ата-аналар комитетінің негізгі мақсаты қойылды: балалардың мектеп өміріне сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін оқу-тәрбие үрдісіндегі іс-шаралардың талапқа сай деңгейде ұйымдастырылуына атсалысу,мектептің ішкі-сыртқы тәртіп ережелеріне көңіл бөле отырып, ұсыныстар жасау, көмек беру, оқушылардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

Ата-аналар комитетінің негізгі міндеттері:

- мектеп өмірімен тұрақты байланыс орнату;

- отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;

- ата-аналар ұжымын құру;

- ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;

- мектеп өмірінде өткізілетін түрлі тәрбиелік шараларға қатынасу, материалдық жағынан көмек беру;

- түрлі рейдттер ұйымдастыру;

- оқушы қауымының алаңсыз білім алуына барынша жағдай жасау;

- ұстаздар қауыммен бірлесе қызмет ету;

- ұстаздар мен оқушылардың құқықтарын қорғау.

Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату, баланың өмірін ұйымдастыруды, оның тәрбиесіне мәселелерді шешуде ортақ көзқарас қалыптастыру мақсатында 2018-2019 оқу жылының басында мектеп бойынша ата-аналар комитетінің жаңа құрамы бекітілді. Ата-ана комитетінің төрайымы: С. Ж. Штауб, мүшелері: Шаграева Айгуль, Низамутдинова Нурия, Рыспекова Наталья, Смагулова Лунара боп сайланды. Арнайы шаралар жоспары құрылып, комитет отырыстары кестеге сәйкес өткізілуде. Отырыста бірнеше сұрақтар қарастырылды. Атап айтқанда, І жартыжылдықтың қорытындысы, «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мен жауапкершілігі» баяндама, «Отбасындағы қарым-қатынас және оның баланың қалыптасуына әсері» атты кеңес.

Оқушылардың сабақтарына ата-аналардың қатысуына кесте жасалды. 1-11 сынып ата-аналары қатысуымен «Сіз қандай-ана-анасыз?» атты сауалнаманы өткізді. Оқушылар арасында сынып жетекшілер «Баланың басты ұстазы-ата-ана» атты ашық сынып сағат, «Менін отбасым» әнгіме, тағы да басқа байқаулар, дөнгелек үстелдер өткізді. Қазан айында мектеп психологы Алимбаева А. 8-11 сыныптар арасында «Мен өмірді сүйемін» атты пікірталас өткізді. Кесте бойынша әр сыныпта ата-аналар жиналысы өткізіліп тұруда. Жыл барысында бастауыш сыныптар және 5-10 сынып оқушылар арасында «Ынтымақты отбасы», «Бала тілі бал», «Сыныбым екінші отбасы», «Отбасы-қоғамның алтын діңгегі»,«Ата-анаң –алтың тұғырын» тақырыптарғадөнгелек үстел, сынып сағаттары, спорттық сайыс өткізілді.

Жыл барысында сыныптардағы ата-аналар комитетінің төрайымымен бірлесіп оқу үлгерімі нашар және сабақты себепсіз қалдыратын оқушылардың үйлеріне рейд ұйымдастырылады. Олар жыл бойы ата-аналармен кездесіп, болған істің себебін анықтайды. Мектепте өтетін мәдени шараларға қатысады, көмек көрсетеді.

«Отбасы – бақыт мекені» республикалық аптаны мектепте өткізу іс-шаралар жоспары 05.09.18 жылы бекітілді.

Жоспарға сәйкес қыркүйектің 8 күні отбасында ата-аналардың баланың әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға, бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөлу, және бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісінде ата-аналардың балаларына психологиялық көмегін арттыру мақсатында «ХХІ ғасырдағы ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында ата-аналарға сауалнама мен жадынама таратылып, сауалнама қорытындысы шығарылды.

9 қыркүйек күні 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету мақсатында «ХХІ ғасырдағы ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 10-11 сынып ата-аналарына конференция ұйымдастырылды. Конференцияда ата-аналар сауалнамаға жауап беріп, жадынама алды. Конференцияның жоспарына сәйкес ата-аналарға ҰБТ кезінде балаларға көмек көрсету, аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу, мектеп формасы, отбасы құндылығы тақырыптары ашылды. Конференцияға 23 ата-ана қатысты.

Қыркүйектің 11 күні «Отбасым – менің қуатым» тақырыбында мектеп алаңында флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа барлық мектеп оқушылары қатысты.

Қыркүйектің 12 күні «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында үздік фотосурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға белсенді қатысқан 5 а сыныбы және 8 а сыыбынан Нұрдыбай Ақнұр марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.

Осы күні 5-10 сынып оқушылары «Отан - отбасынан басталады» тақырыбында қабырға газетін шығарды. Балалар өз салған суреттерінің маңыздылығын түсініп, отбасы құндылықтары мен ата-анаға деген құрмет сезімдерін көрсете алды.

Онкүндік барысында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыптарында 1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді.

Мектептің қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен балаларды мейірімділікке, қамқорлыққа шақыру, өзге адамға деген жағымды қарым-қатынасын арттыру мақсатында «Мейірімді болайықшы ағайын» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізлді. Жәрмеңкеге 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысып, акция барысында жиналған қаражат мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын оқушыларға қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша оқуға қажетті құрал жабдықтар алынды.

Салауатты өмір салтын және отбасылық құндылықтарды балалар мен ата-аналар арасында насихаттау мақсатында «Ата-анам және мен» спорттық отбасылық эстафета ұйымдастырылды.

Спорттық эстафетаға 2-4 сынып аралағында 5 отбасы қатысты. Мектептің дене-шынықтыру пәні мұғалімдері әр-түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырды. Барлық отбасылар белсенді қатысып, жарыс барысында өз отбасыларының ұйымшылдығын көрсете алды. Жүлделі 1 орын алған 4 а сынып оқушысы Орынбай Қағілездің отбасы. 2 орын алған Асқарбек Айсұлудың отбасы және 3 орын алғанМедитпековтар отбасы. Отбасыларына мадақтама және сыйлықтар берілді.

 

Қараша айындамектепішілік «Ашық күн» апталығы ұйымдастырылды. Ата-аналар комитеті мектептің материалдық-техникалық базасы мен кітаппен қамтылу саласына да демеуші ретінде көмек көрсетіп отырады.

 

 

 

 

 

«Ескелді ауданы әкімдігінің Балпық би атындағы орта мектебі» КММ

2018-2019 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жасаған жұмыстары бойынша жартыжылдық есебі

 

Қамқоршылық кеңесі 9 мүшеден құралған. Кеңестің төрайымы жеке шаруа қожалығының төрағасы Досанов Қосан Сыдықұлы.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы уақыт ішінде мектеппен тығыз байланыста болып, біршама жұмыстар атқарды.

Әрине, қазіргі таңда біраз жұмыстар қаржы тапшылығына байланысты кейінге қалдырылып отыр. Сонымен бірге, 
мектептегі өткізілген іс-шаралардың барлығына да қолдан келгенше көмек беруге тырысты.«Мектепке жол» акциясы 
барысында қыркүйек айында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 10 оқушыға көмек көрсетілді. Акция барысында бюджеттен
 тыс 30 000 теңге жиналды. 
Жеке шаруа қожалығының төрағасы Матайбаев Қ. демеушілігімен 5 оқушыға 15000 тг. жылы жемпер алынып, көмек көрсетілді. 
10 қаңтар-10 ақпан аралағында өткен «Қамқорлық» акция барысында көп балалы, сәтсіз отбасында тәрбиеленетін 10 оқушыға 
20000 тенге көлемінде көмек көрсетілді.

Қамқорлық кенес ұйымдастыруымен мектеп ішіндегі дәретханаға қажетті жабдықтар алынды. (унитаз, қоқыс

салатын шелектер,су сабындар, т.б.) 20000тенге.

 

 

 

 

 

Қамқорлық кеңестің төрайымы: Қ. С. Досанов

 

 

Хатшы: Г. А. Уйсинбаева

 

 


 

 


 

 


 


 

 


 

Похожие публикации:

13 апрель 2017 коллектив школы
06 декабрь 2016 Мектеп туралы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив