Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата - аналары !
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата - аналары ! Өздерiңiз бiлетiндей , 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелерiне Министрлік өзгерістер енгiздi . Ендi 1 сыныпқа құжаттарды кабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді . 1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады . Сонымен қатар , 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады . Азаматтарға ыңғайлы болуы ушiн қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі .